Қазақ және қырғыз тілдеріндегі локативтіліктің берілу тәсілдері

Мақала қазақ және қырғыз тілдеріндегі локативтіліктің функционалды-семантикалық өрісін (ФСӨ) талдауға арналған. Функционалды лингвис-тиканы түркі тіл біліміндегі жаңа бағыттағы зерттеулер деуге болады, өйткені функционалды грамматикаға қатысты еңбектер XX ғасырдың соңынан бастап қана шыға бастады....

Full description

Saved in:
Bibliographic Details
Main Authors: Laszlo Karoly, Aisulu Iskakova
Format: Article
Language:English
Published: L.N. Gumilyov Eurasian National University 2025-03-01
Series:Turkic Studies Journal
Subjects:
Online Access:https://tsj.enu.kz/index.php/new/article/view/578
Tags: Add Tag
No Tags, Be the first to tag this record!
Description
Summary:Мақала қазақ және қырғыз тілдеріндегі локативтіліктің функционалды-семантикалық өрісін (ФСӨ) талдауға арналған. Функционалды лингвис-тиканы түркі тіл біліміндегі жаңа бағыттағы зерттеулер деуге болады, өйткені функционалды грамматикаға қатысты еңбектер XX ғасырдың соңынан бастап қана шыға бастады. Қырғыз тілінде де бұл бағыттағы ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Кеңістік мағынасын білдіретін тілдік бірліктер осы уақытқа дейін лингвистиканың әртүрлі салаларында жеке қарастырылғанымен, түркітануда бұл мәселе арнайы зерттеу нысаны ретінде қарас тырылмады. Мақала теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімде функционалды талдаудың негізгі ұғымдарына тоқталады. Атап айтқанда, жүйелі-құрылымдық бағыт пен функционалды бағыт арасындағы айырмашылық айқындалды, тілден тыс саналатын ұғымдық категория функционалды әдістеменің теориялық негізі ретінде қарастырылды, функционалды-семантикалық өріс пен оның құрылымы, ядро, периферия сияқты негізгі терминдерге анықтама беріледі. Практи-калық бөлімде жиналған материалдар пайдаланылып, қазақ-қырғыз тілдеріндегі локативтіліктің ФСӨ-і анықталады. Зерттеу барысында қазақ қырғыз тілдеріндегі локативтіліктің ФСӨ-нің ұғымдық негізін кеңістік мағынасы құрайтыны белгілі болды. Жоғарыда аталған тілдердегі фактологиялық деректерді талдау нәтижесі кеңістік мағынасы морфологиялық және лексикалық бірліктерде айқын көрінетінін көрсетті, сол себепті локативтіліктің ядросы поли центрлі деген тұжырым жасалды. Ядроның морфологиялық бірліктеріне зат есімнің септік категориясы (барыс, жатыс, шығыс септіктері), көмекші есімдер, үстеу, сұрау, сілтеу есімдіктері және етістік жатады. Ал ядроның лексикалық көрсеткіштері ретінде географиялық терминдер, топонимдер, әртүрлі нысан атаулары мен кеңістіктікті білдіретін дәстүрлі өлшем бірліктері қарастырылды. Ядрода локативтілік нақты көрінсе, периферияда кеңістік мағынасы көмескілене түседі. Периферия қазақ және қырғыз тілдерінде тұрақты тіркестермен және синтаксистік бірліктермен (сөз тіркестері және сөйлеммен) беріледі. Қазақ-қырғыз тілдеріндегі локативтіліктің ФСӨ-нің ұғымдық базасы ортақ, өрістердің құрылымы мен локативтілікті білдіретін тілдік бірліктері ұқсас. Алайда әр халықтың танымы мен мәдени ерекшеліктеріне байланысты, семантикалық узуалды семаларда айырмашылықтар бар. Бұл айырмашылықтар дәстүрлі өлшем бірліктері мен тұрақты тіркестерде айқын байқалады. Мәселен, локативтілікті білдіретін фразеологизмдердің мағыналары кейде жақын болғанымен, әр тілде әртүрлі контексте қолданылады. Зерттеу нәтижелері қазақ және қырғыз тілдеріндегі локативтіліктің ФСӨ-ін анықтауға мүмкіндік берді және бұл мәселеде қос тілдің құрылымы мен тілдік бірліктерінің ұқсастығы, айырмашылықтары көрсетіліп, түркі тілдерінің функционалды семантикалық жүйелеріндегі бірқатар тұжырымдарды анықтауға жол ашты.
ISSN:2664-5157
2708-7360